АУДАННЫҢ ҮЗДІК ТӘРБИЕШІСІ
Мектепалды даярлық сыныптардағы жас педагогтардың кәсіби беделін арттыру және жас мамандарға көмек көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында өткен облыстық "Ең үздік мектепалды даярлық педагогы" атты байқауда №47 ОМ мұғалімі Нұрманбетова Мейрамкуль бас жүлдені жеңіп алып облыстық байқауға жолдама алды. Ауданның үздік тәрбиешісін жеңісімен құттықтап, облыстық байқауда бақ сынауына сәттілік тілейміз!!!