Директордың "Мектепті мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде білім беру сапасын басқару және бағалау саласындағы жұмыстардың жол картасы." тақырыбындағы баяндамасы » СШ№ 47
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№47 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың "Мектепті мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде білім беру сапасын басқару және бағалау саласындағы жұмыстардың жол картасы." тақырыбындағы баяндамасы
28
май
2020

Директордың "Мектепті мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде білім беру сапасын басқару және бағалау саласындағы жұмыстардың жол картасы." тақырыбындағы баяндамасы

       Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестацияны жүргізуде оқытуды бағалаудың сапасын көтеру мақсатында жол картасы жасалды. Аттестация кезінде критерийлер мен дескрипторлардың негізгі бағыттары мен зерттеу объектілерінің негізінде білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестацияны жүргізуде мектеп жұмысын бағалаудың жаңа амалдарымен танысты. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестацияны жүргізу кезінде мектеп жұмыстарын бағалау құралы мен бағалау рәсімдеріне сипаттама беріледі. Мектепішілік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар бағдарламасы (жол картасы) дайындалды.
           Мектеп директоры кәсіби қалыптасу үдерісінде критерийлер мен дескрипторлардың негізгі бағыттары мен зерттеу объектілерінің негізінде білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестацияны жүргізуде мектеп жұмысын бағалаудың жаңа амалдарын білу және мектепішілік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар бағдарламасын (жол картасы) дайындау дағдыларын игеру маңызды болып табылады. Мектепті мемлекеттік аттестациялауға даярлау кезінде оқытуды бағалау және оқыту сапасын басқаруда іс-шаралар бағдарламасын (жол картасы) әзірлеу дағдыларын игерту директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының маңызды мәселерінің бірі болып табылады және ол үшін жоспар жасап алды:
Жоспар:
1.Аттестациялау кезінде критерийлер мен дескрипторлардың негізінде мектеп жұмысын бағалаудың жаңа амалдары.
2.Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестацияны жүргізудің негізгі бағыттары мен зерттеу объектілері.
3.Мектепті мемлекеттік аттестациялауға даярлау кезінде оқытуды бағалау және сапасын басқару төңірегінде жол картасын әзірлеу.
Мектептің өзін-өзі аттестациялауы мемлекеттік аттестациялаудың бір бөлігі және мектептің әрі қарай даму жолдарын айқындайтын пәрменді құралы болып табылады. Дегенмен, бұл тек өзін-өзі аттестациялауды шартты түрде ұйымдастыру мен жүргізуде және қозғалыс векторын дұрыс айқындауға ықпал ететін жол картасын әзірлеген жағдайда ғана мүмкін болады.





        Жол картасы – бұл белгілі-бір нысанның даму жолдарының көрнекті ұсынымы. Біздің жағдайымызда нысан – мектепті мемлекеттік аттестациялауға даярлау кезеңіндегі оқытуды бағалау мен оқыту сапасын басқару жұмыстары.
      Ең алдымен, жол картасы ол білім беру ұйымдарының даму стратегиялары мен оқыту сапасы және оны басқару үшін қажетті басқарушылық шешімдерді жетілдіру жағдайының арасын байланыстырушы буын екендігін атап өткен жөн. Бұл оның маңызды ерекшелігі. Жол картасының бірнеше түрі бар.
       Ол графикалық схема, маңызды қадамдарды және «түйіндерде» сол қадамдардың күтілу нәтижесін көрсететін алгоритм. Карта «түйіні» - нысанның даму кезеңі және сонымен бірге басқарушылық шешімдерді қабылдау пунктері, ал «түйіндер» арасындағы кесінділер – ол бір-бірінің арасындағы себеп- салдарлы байланыс. Сондай ақ, бұл схемада ықтималды тәуекелдер мен қайтарымдар көрінеді.
          Жол картасын жасаудың өзі – ең алдымен, міндеттерін орындауға қажетті барлық қадамдардың тиімді жоспарлануы.
Білімберуұйымдарыныңжетекшілеріүшінқалыптасқанөзіндік
«жолнұсқаушы» көмегіменқызметтердің аралық нәтижелерін көріп, оны реттеуге және бағыттарын түзетуге болады.
        Осылайша, жол картасы сияқты ресурс критерийлеріне сәйкес сапаны бағалау бойынша ауқымды жұмыстарды уақытылы орындап, қорытындылауға, мәселелерді айқындауға, себеп-салдар байланысын анықтаудың негізінде оларды жою үшін жоспар құруға мүмкіндік береді. Өзінің мәні бойынша жол картасы өзіндік ерекше әрекет жоспары, сценариі болып табылады.
Мектепті мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге дайындық жасау барысында, білім алушылардың білім сапасын арттыру және әр пән мұғалімінің өз білімін жетілдіруі үшін курстардан өтуі, әдістемелік семинарлар, коучингтар, конференциялар мен пед.оқуларға қатысып отыруы қажет. Сонымен қатар олимпиадалар, байқаулар, қашықтық сайыстар мен онлайн сабақтарға қатысуы керек. Мектеп мұғалімдерінің санат бойынша да сапасы жақсы деңгейде болуы керек. Ол үшін педагог кадрларды аттестаттау тестінен өтулері керек.
Оқыту сапасын басқару, біріншіден, ұғымды құрайтын барлық құрылымдарының (шарттар, үдерістер, нәтижелер) нақты көрінісін, екіншіден, бағалау рәсімдерін жүзеге асыра білу, олардың негізінде адекватты басқарушылық шешімдерді қабылдай білуді ұсынатынын атап өткен жөн. Бұл жол картасына шарттардың, үдерістердің және нәтижелердің сапасын бағалау рәсімдері енгізілуі қажет. Қазақстан Республикасында мектептерде мемлекеттік аттестаттауға дайындау үшін педагог кадрларға қажеттілік мониторингін жүргізу керек. Барлық білім деңгейлерінде педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жоспарларын әзірлеу қажет. Үш тілді білім беру шеңберінде педагогтарды тілдік тағылымдамадан өткізу бағдарламасын әзірлеу. Үш тілде білім беру жағдайларында жұмыс істеу үшін педагогтарға біліктілік талаптарын әзірлеу керек.






           Осылайша, жұмыстың негізгі бағыттары мемлекеттік аттестацияға дайындық барысында айқындалады және олар жол картасында төмендегідей бейнеленеді:
-зерттеліп отырған тақырыптың логикасында мақсаттар мен міндеттерін айқындап, құрылым әрекеттерін ашу (бірінші бағыт);
-шарттар, үдерістер және нәтижелер сапасын бағалау және өлшеу (екінші бағыт);
-қозғалыс өзгерісін анықтау, сапаның тұрақты жақсару тенденцияларын және орын алған мәселелерді айқындау (үшінші бағыт);
-нақты басқарушылық шешімдер қабылдау (төртінші бағыт).
Бағалау пайымдамасы енгізілген білім беру шараларының рефлексиясы жоспарланған іс-шаралар мазмұнының негізін құрайды.
Жол картасының қалыптасу үдерісін жолды белгілеу, ал картада дамуы көрсетілген объектіні – жолды белгілеу объектісі деп атайды. Біздің жағдайымызда объект – бұл мектепті мемлекеттік аттестацияға дайындау кезінде білім беру сапасын бағалау мен басқару аумағындағы жұмыс болып табылады.
           Жол картасының барлық кезеңдері нормативті құжат түрінде дайындалған кезде ғана жүргізілген жұмыстардың маңызы мен мазмұндық құрылымын ұғынуға болады, сондай-ақ, жұмысты жүргізу үдерісі стандартталып, жол картасын зерттеу объектісінен тәуелсіз қолдануға мүмкіндік артады.
             Үшінші кезеңде білім беру сапасын шынайы бағалауды қамтамасыз ету
үшін:
•қолданылатын көрсеткіштердің инструменталдылығы мен технологиялығы (мәліметтердің өлшеу, талдау және түсіндіру әдістемесінің болуы);
•білім беру сапасы мен тиімділігінің көрсеткіштерін анықтау үшін бастапқы дереккөздерін пайдаланудың тиімділігі;
•көрсеткіштер жүйесінің сатылығы.
Жол картасын жасауда әзірлеушілер тобын құру керектігін есте сақтаған жөн. Жолды белгілеу үдерісі топ ішінде объекті және оның даму жоспары туралы жалпы түсінік қалыптастырады.
Жаңа талаптар мен нормаларға, ашықтық қағидаларына сәйкес басқару жүйесінен шыққан ашықтық қағидасы жол картасының сапа бағасына ата- аналар қоғамдастығын тарту сияқты кезеңдерді құрайды және сыртқы аудит ретінде қарастыру керек.

Жол картасын жүзеге асыру белгілі бір кезеңдерді қамтиды.
Технологиялық жол картасын жүзеге асыру:
1.Технологиялық жол картасының сарапталуы және бекітілуі.
2.Технологиялық жол картасын жүзеге асыру жоспарын әзірлеу және оның орындалуы.
3.Технологиялық жол картасын жүзеге асыруды бақылау.
Технологиялық жол картасы тереңдетілген сараптау мен әзірлеуге ұзақ уақыт талап етеді. Дегенмен, бұл механизмді пайдалану мектеп басшылығының күшін мемлекеттік аттестацияға дайындық барысында білім беру сапасын келісімді
бағалау мен басқаруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.




№47 орта мектеп директоры: Садабаева Ж.А.